Қазақстанның қазіргі заман тарихы байқау сынағы

1. Адамдар тасты жарқырату, тесу мен кесуді қай дәуірде үйренді?
A) соңғы палеолитте
B) мезолитте
C) орта палеолитте
D) неолитте
E) энеолитте.
2. Андрондықтардың жартастарға салған суреттерінің ең көп шоғырланған жері табылды:
A) Солтүстік Қазақстанда
B) Батыс Қазақстанда
C) Орталық Қазақстанда
D) Балқаш маңының солтүстігі
E) Жетісу және Қазақстанның оңтүстігінде.
3. Б.д.д. VII-III ғғ. Тасмола археологиялық мәдениеті Қазақстан территориясының қай жерінде түзілді?
A) Батыс Қазақстан
B) Жетісу
C) Орталық Қазақстан
D) Оңтүстік Қазақстан
E) Амудария мен Сырдария аралығында.
4. Сақ қорғандарынан табылған бұйымдардағы кездесетін нақыштар:
A) соғды стилі
B) геометриялық стиль
C) гүлдік стиль
D) аңдық стиль
E) парсы стилі.
5. Марафон соғысында (б.д.д. 490-шы жылы) сақтар кімдермен одақтасып және кімдерге қарсы соғысқан?
A) гректермен парсыларға қарсы
B) ғұндармен қарсы қытайларға қарсы
C) қытайлықтармен бірге гректерге қарсы
D) парсылармен бірге гректерге қарсы
E) қытайлықтармен бірге ғұндарға қарсы.
6. Ғұндардың Еуропа елдеріне жорығын кім басқарған?
A) Мөде
B) Аттила
C) Тумын
D) Чжи-чжи
E) Скунх.
7. Аса күшті ғұн мемлекетінің Оңтүстік және Солтүстік болып екіге бөліну жылы:
A) б.э.д. 30 ж.
B) б.э.д. 55ж.
C) б.э.д. 132 ж.
D) 43 ж.
E) б.э.д. 60 ж.
8. Батыс түрік қағанатының негізгі тұрғындарын кімдер құрады?
A) тархандар
B) елтеберлер
C) төленгіттер
D) қарабодандар
E) тұдындар.
9. Қай қала IX-XII ғғ. Жетісудың ірі саяси, экономикалық және мәдени орталығы болды?
A) Тараз
B) Отрар
C) Жанкент
D) Сығанақ
E) Пенчуль.
10. Қарахан мемлекеті қалаларының дамуына не әсер етті?
A) көшпелі мал шаруашылығы
B) қолөнердің дамуы
C) транзиттік сауда
D) отырықшы жер өңдеу
E) зергерлер шеберлігі.
11. Найман конфедерациясына қанша тайпа кірді?
A) 10 тайпа
B) 8 тайпа
C) 2 тайпа
D) 5 тайпа
E) 12 тайпа.
12. Қыпшақ отбасыларының жеке меншігінде болған малдарды немен таңбалады?
A) таңба
B) мөр
C) таға
D) охра
E) төре.
13. Алтын Орданың гүлденген кезі қай хандардың тұсында болды?
A) Бату және Берке
B) Бердібек және Шәйдібек
C) Өзбек және Жәнібек
D) Мамай және Темірлан
E) Тоқтамыс және Орыс.
14. Моңғол әскерлерінен 5 ай қорғанған қаланы атаңыз?
A) Сығанақ
B) Шаш
C) Отырар
D) Тараз
E) Испиджап.
15. Жоңғар хандығы қай ғасырда құрылды?
A) XIV ғ.
B) XV ғ.
C) XVI ғ.
D) XVII ғ.
E) XVIII ғ.
16. Қай жылы Орта жүздің қайсы бір бөліктері Ресей құрамына сөз жүзінде қосылды?
A) 1731 ж.
B) 1734 ж.
C) 1732 ж.
D) 1730 ж.
E) 1744 ж.
17. Сырым Датұлы басқарған көтеріліс неше жылға созылды?
A) 4 жылға
B) 8 жылға
C) 1 жылға
D) 10 жылға
E) 14 жылға.
18. Бөкей хан өзінің Бөкей Ордасын басқару кезінде кімдерге арқа сүйеді?
A) старшиналарға
B) патша әкімшілігіне
C) батырларға
D) хандық кеңестерге
E) шаруаларға.
19. 1870 ж. Маңғыстаудағы азаттық қозғалыстың кең етек жаюына түрткі болған жағдай?
A) Рукин отрядының талқандалуы
B) Александр фортының жорығы және «флотилияның» құрылуы
C) көтерілісті басу үшін Кавказдан Апшерон полкінің келуі
D) Александрлық слободкасындағылар кемесінің жаулап алынуы
E) Ирандағы ағылшын әскерінің күшеюі.
20. І Александрдың жарлығы бойынша Орта жүзде хандық институт заңды түрде жойылды:
A) 1824 ж.
B) 1786 ж.
C) 1722 ж.
D) 1822 ж.
E) 1845 ж.
21. 1867-1869 ж.ж. реформа бойынша Орынбор генерал-губернаторлығына қандай облыстар енді?
A) Каспий маңы және Астрахан облыстары
B) Ақмола және Семей облыстары
C) Сырдария және Жетісу облыстары
D) Түркістан және Семей облыстары
E) Орал және Торғай облыстары.
22. 1867-1868 жылдардағы реформа уақытша екі жылға енгізілді. Шын жүзінде ол неше жылға созылды?
A) 5 жыл
B) 18 жыл
C) 20 жыл
D) 25 жыл
E) 15 жыл.
23. 1870 жылы Маңғыстау түбегінде 1869 жылғы Уақытша ережеге қарсы көтерілген ру:
A) Қызылқұт
B) Байбақты
C) Адай
D) Жаппас
E) Беріш.
24. Ш.Уәлиханов неше жасында Ресей географиялық қоғамының толық мүшесі болды?
A) 18
B) 20
C) 22
D) 25
E) 30.
25. 1917 жылы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың ұсынған идеясы:
A) пантюркизм идеясы
B) мұсылман мемлекеттілігі идеясы
C) автономия құру
D) егеменді мемлекет құру
E) демократия орнату.
26. Қазақстандағы Уақытша үкіметтің жергілікті ұйымдары кімдерге арқа сүйеді?
A) жұмысшылар мен шаруаларға
B) кулактар мен казактардың жоғарғы топтарына
C) интелегенция мен діндарларға
D) әйелдер мен солдаттарды
E) «Алаш», «Үш жүз» партияларына.
27. Қазақстандағы Азамат соғысы аяқталған жыл:
A) 1921ж.
B) 1922 ж.
C) 1920 ж.
D) 1923 ж.
E) 1919 ж.
28. Ұжымдастыру кезеңінде ең үлкен көтеріліс болған аудан орталығы:
A) Лепсі
B) Шу
C) Қарқаралы
D) Созақ
E) Қарағанды.
29. 1939 ж. қазақтар арасында интеллигенция өкілдерінің ара салмағы қанша болды?
A) 14 %
B) 8 %
C) 16 %
D) 40 %
E) 30 %.
30. Қазақстан ОАК «Іс-қағаздарын қырғыз (қазақ) тідінде жүргізу туралы» Декретін қашан қабылдады?
A) 1931 жыды
B) 1924 жылы
C) 1923 жылы
D) 1927 жылы
E) 1929 жылы.
31. Жаппай қуғын-сүргінде мерт болған ақын-жазушы, революционер:
A) Е.Бекмаханов
B) А.Жұбанов
C) С.Сейфуллин
D) Ғ.Мүсірепов
E) М.Әуезов.
32. Қазақ жастарының «Марсельезасының» авторы кім?
A) С.Сейфуллин
B) Б.Майлин
C) С.Мұқанов
D) И.Байзақов
E) О.Сүлейменов.
33. 1950 жылы іске қосылған Мұнайлы Ембі бассейіні Қазақ КСР-ы бойынша мұнай шығару көлемін өсірді.
A) 20 %-ға
B) 30 %-ға
C) 52 %-ға
D) 73 %-ға
E) 60 %-ға.
34. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру басталды:
A) 1954 жылы
B) 1949 жылы
C) 1951 жылы
D) 1948 жылы
E) 1955 жылы.
35. 1965 жылы өзінің бірінші мұнайын берген өндіріс орны:
A) Теңіз
B) Сұңқар
C) Қарашығанақ
D) Өзен
E) Мұнайлы.
36. ХХғ. 70-80-ші жж. Қазақ КСР-да ғылым мен білім беруді қаржыландыру принципі:
A) ұлттық
B) әкімшілікпен
C) қалдықтармен
D) территориялық
E) өндірістік.
37. 1989 ж. шешімін таппаған әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөнінде ашықтан-ашық бой көрсету өткен қала:
A) Өскеменде
B) Қарағандыда
C) Теміртауда
D) Жаңа Өзенде
E) Балқашта.
38. Қазақстан Республикасы «бейбітшілікті қорғау серіктестігінің» бағдарламасына бірден-бір қатысушы, қадағалаушы бола отырып, оның жауапкершілігіне кіреді:
A) Солтүстік Атлантика келісімі ұйымы (НАТО)
B) Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)
C) Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ)
D) Варшава келісім шарт ұйымы
E) Дүниежүзілік сауда ұйымы (ВТО).
39. Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын орган?
A) парламент
B) үкімет
C) департамент
D) министірлік
E) әкімшілік.
40. Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру идеясын кім ұсынды?
A) А.Ақаев
B) Н.Ә.Назарбаев
C) Б.Ельцин
D) И.Каримов
E) Г.Алиев.